Алматыда металл өңдеу цехынан өрт шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда түрлі-түсті металды қайта өңдеу цехынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда металл өңдеу цехынан өрт шықты

Алматы қалалық ТЖД хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 06:59 - да өрт сөндіру бөліміне Әуезов ауданының тұрғынынан Райымбек даңғылы, 348 мекен-жайында өрт шыққаны туралы ақпарат түсті.

«Оқиға орнына 6 минутта келген өрт сөндіру бригадасы түрлі-түсті металды қайта өңдеу цехында электр трансформаторының жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын цех төбесіне таралып үлгерген. Алдын-ала ақпарат бойынша өрт 150 шаршы метр жерді шарпыған»,- деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше өрт 08:57- де оқшауланды.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін аталған ауданда бояу өнімдері тұрған гараж өртенген болатын.