Алматыда метро пойыздарының жүру кестесін енді смартфонға да жүктеуге болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда метро жолаушылары үшін пойыздардың жүру кестесі жайында смартфондарға арналған мобильдік қосымша әзірленді. Бұл туралы бүгін Алматыдағы «Метрополитен» мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Мобильдік қосымша Android операциялық жүйесі бар смартфондарда жұмыс істейді. Одан сонымен қатар, Алматы қаласының картасы мен қоса, метроның сызбасын, стансалардың орналасу ретін, метроның құрылысы тарихы туралы ақпараттарды және жол ақысы бойынша анықтамалық деректерді табуға болады», - делінген хабарламада.

Тағы бір айта кететін жайт, қосымша тегін таратылады және офлайн режимінде, яғни интернет желісінсіз жұмыс істей береді.

Бұл қосымша, метро стансаларын табуды оңайлату және жолаушылардың уақытын үнемдеу мақсатында әзірленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар