Алматыда мүгедектер спортын дамытудың 2009 жылғы қорытындыларына арналған семинар өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Штаттық ұлттық командалар және спорттық резервтер дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, семинар-кеңеске Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің, Қазақстанның Ұлттық паралимпиада комитетінің, Туризм, дене тәрбиесі және спорт жөніндегі облыстық басқарламалардың, республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ Қазақстандағы мүгедектер спорты мектептерінің және клубтарының басшылары мен жаттықтырушылар құрамы қатысады. Семинар-кеңесте Қазақстанда 2009 жылы мүгедектер спортын дамыту жөніндегі жұмыс қорытындысы қаралып, 2010-2012 жылдардағы өңірлердегі және ел ауқымындағы мүгедектер спортын дамытудың басымдықтары анықталады. Семинар-кеңес барысында республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарлары, спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар спортшыларының тізімдері, спорт түрлері бойынша бас және аға жаттықтырушылардың тізімдері, спорт түрлері бойынша 2010 жылы ел чемпионаттарын өткізудің регламенттері бекітілетін болады. 2009 жылғы жұмыс нәтижесіне орай «Жылдың үздік спортшысы», «Жылдың үздік жаттықтырушысы» аталымдары бойынша лауреаттар анықталады, Қазақстандағы мүгедектер спортын дамытуға қолұшын беріп жүрген мүгедектер спортының ардагерлері мен ұйымдары марапатталады.