Алматыда мүгедектерге арналған экспозиция ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенты Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылы 23 тамызда Алматы музейінде «Қолжетімді музей» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұрақты экспозициясының ашылуы өтеді, деп хабарлайды музейдің баспасөз қызметі.
None
None

Іс-шараның негізгі мақсаты келушілердің барлық категориясы үшін музей экспозициясы мен бағдарламаларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ортаны қалыптастыру.

Бүгінде Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 47 мыңды құрайды. Олардың барлығы музейде болмаған, тіпті кейбіреуі мәдени орындарға барғанда оларға көрсетілетін жеңілдіктер туралы білмейді. 2015 жылы Қазақстан Республикасында ратификацияланған мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына сәйкес «мемлекет-қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени өмірге басқалармен тең құқығын мойындайды және мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімді форматта театр, музей, кинотеатр, кітапхана секілді мәдени орындарда мәдениет туындысына қолжетімділігін, сондай-ақ ұлттық, мәдени құндылығы бар ескерткіштер мен нысандарға барынша жоғары қолжетімділікке ие болуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдайды».

Іс-шара бағдарламасында  мүмкіндігі шектеулі жандардың барлық категориясы үшін қолжетімділігі бойынша қызметтер ұсынылады: музей қорынан тактильді экспонаттар, аудиогидтер, тифлокомментарий, Брайль шрифтімен жолсеріктер, археологиялық артефактілердің рельефті суреттері, залдардың тактильді мнемосызбалары, сурдоаудармамен экскурсиялар және т.б.

Ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімі Б. Байбек, мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі бойынша әкім кеңесшісі В. Алаев, «Шырақ» мүмкіндігі шектеулі әйелдер Ассоциациясы» Қоғамдық Қорының төрайымы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Л. Қалтаева, Қазақстан мүмкіндігі шектеулі жандар ұйымы Одағының төрағасы А. Аманбаев, «Аржан» Қоғамдық Қорының директоры К. Омарова және т.б. қатысады.

Интерактивті экспозицияны жасақтау барысында мүмкіндігі шектеулі жандармен қарым-қатынас жасау жөнінде музей қызметкерлеріне арнап «Аржан» Қоғамдық Қорының директоры К.А. Омарова, Қазақстан сурдоаудармашылар Ассоциациасының төрайымы В.М. Ефименко семинар өткізді.Ресми бөлімнен соң экскурсияға жалғасып, кофе-брейкпен қорытындыланған шараның соңында жиналған қауым отандық музейлер арасындағы тың бастамаға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді. 

«Алматы музейі ұйымдастырған бұл жоба алғашқы қарлығаш болды, алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мұндай жобалар кино, театр, цирк, т.с.с. еліміздің мәдени орындарында қолға алынуы керек» -  деді «Шырақ» мүмкіндігі шектеулі әйелдер Ассоциациясы» Қоғамдық Қорының төрайымы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Л.М. Қалтаева.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың басқалармен қатар өмір сүруге, жұмыс істеуге, яғни қоғам өміріне араласуға мүмкіндігі болуы тиіс. Іс-шараның негізгі мақсаты келушілердің барлық категориясы үшін музей экспозициясы мен бағдарламаларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ортаны қалыптастыру.

Соңғы жаңалықтар