Алматыда Мұхаммед Хайдар Дулатиге ескерткіш орнатылады

АЛМАТЫ.  Шілденің 2-сі.  ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімдігі белгілі ғалым, тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің ескерткішін салу үшін ең үздік жобаға байқау жариялады,
None
None

 деп хабарлайды  ҚазАқпарат   осынау  шараны  ұйымдастырушы -  Алматы қаласының  мәдениет басқармасына сілтеме  жасап.

Конкурстың мақсаты - ескерткіш тұрғызу үшін көркемдік және сәулет жағынан ең үздік жобаны іріктеу және таңдау. Байқауға қатысу үшін өтініштер 2009 жылдың 7 шілдесі мен 7 тамызы аралығында қабылданады.

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) - белгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес облыстардың тарихы жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын «Тарих-и Рашиди», «Джаһаннаме» дастандарының авторы. Ғалым Жетісудағы Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Ата-бабалары Моғолстан мемлекеті құрамындағы Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның, Қырғызстан мен Түркіменстанның саяси өмірінде белгілі адамдар болған. Дулати - өз заманы үшін жан-жақты әрі аса терең білім алған ғұлама адам. Оған Бабыр, Сұлтан Саид хан сияқты орта ғасырлық аса көрнекті ғұламалар тарих ғылымы, поэзия, музыка, сәулет өнері, зергерлік салалары бойынша дәріс берген. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашидиді» жазу үстінде өзін  дарынды ақын ретінде де таныта білген. Проза тілімен түсіндіру қиын болған кейбір жәйттерді ол арагідік поэзия тілімен, яғни жырмен жеткізген. Оның ақындық дарынын кезінде «Тарих-и Рашидиді» өзге тілдерге тәржіма жасаған Батыс пен Шығыстың көптеген ғұламалары ерекше атап көрсеткен. Хайдар Дулатидің бұл еңбегін тұңғыш рет Англияның аса көрнекті тарихшысы Денисон Росс (1871-1940) ағылшын тіліне аударып, оны 1895 жылы Лондонда бастырып шығарған. Осы кітап сол күйінде ешбір өзгеріссіз қайтадан 1972 жылы Лондонда жарық көрген. Шығарманың қазақ тарихына қатысты тұстарын кезінде белгілі шығыстанушы ғалымдар В.Вельяминов-Зернов, В.Вяткин, т.б. тәржіма жасап, өз еңбектерінде ғылыми негізде пайдаланған. Шежіренің кейбір бөлімдерін кезінде қазақтын көрнекті ғалымы С.Асфендияровта аударған. Хайдар Дулати шежіресінің қазақ тарихына қатысты жерлері 1969 жылы орыс тілінде жарық көрген. Өзбек ғалымдары «Тарих-и Рашидиді» парсы тілінен орыс тіліне аударып, 1996 жылы Ташкентте бастырып шығарған. Қорыта айтқанда, Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашид» еңбегі - түркі тектес халықтар тарихынан, соның ішінде қазақ қауымының көне шежіресінен аса құнды деректер беретін бірден-бір туынды.

Соңғы жаңалықтар