Алматыда Ниссан Патрол көлігі өртеніп кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрақта тұрған Ниссан Патрол көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда Ниссан Патрол көлігі өртеніп кетті

ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, төтенше жағдай Медеу ауданында Нұрмағамбетов көшесінде болған.

Өрт сөндірушілер келгенше көліктің 5 шаршы метр аумағы жанып кеткен.

«2001 жылы шығарылған Ниссан Патрол көлігі өртенген. Өрт 12-33-те сөндірілді. Өртті сөндіруге 5 адам мен 1 техника жұмылдырылды», - деді Руслан Иманқұлов.

Сонымен қатар, Алматыда бүгін 13:51-де Бостандық ауданында тағы бір көлік отқа оранған.

«Ауди «А6» көлігінің мотор бөлігінде қысқа тұйықталудың кесірінен 0,2 шаршы метр аумақты қызыл жалын шарпыды. От өрт сөндірушілер келгенше сөндірілген.