Алматыда нөсер жаңбыр салдарынан көшедегі көлік қозғалысы қиындап тұр (ВИДЕО, ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда түскі 15:00-ден бері қалың нөсер төгіп тұр. Арықтар мен тротуарларға сыймаған су көшелерге қарай ағылуда.

Алматыда нөсер жаңбыр салдарынан көшедегі көлік қозғалысы қиындап тұр (ВИДЕО, ФОТО)

Салдарынан басты көшелерде ұзын сонар кептеліс болып тұр. Жолдың бойында моторына су кіріп тоқтап тұрған көлік көп.

Әсіресе, сай салада орналасқан көшелерден өту өте қиын болып тұр.

«Қазгидромет» РМК бүгін қалың жауын жауатынын алдын ала болжаған болатын.

Қалалық ТЖД су тасқыны болуы ықтимал деген хабарлама таратты.
2 3 4