Алматыда нөсер жауыннан сақтандыру шаралары күшейтілді (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда болжалды нөсер жауындар алдында төтенше жағдайларды барынша азайту мақсатында алдын алу шаралары күшейтіліп жатыр. Бұл туралы бүгін «Алматы қаласының құтқару қызметі» мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Бұл алдын алу шаралары «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 21 маусымдағы №58-ші «Апатты гидрометеорологиялық құбылыс» ескертпесі негізінде қолға алынды. 

Болжам бойынша, 22 маусымда Алматыда тағы да нөсер жауындар болады. Алматы облысының жекелеген өзендерінде су тасып, бірқатар жерлерді су басуы ықтимал.
Сондықтан, қалада жеке тұрғын үйлер мен басқа да нысандары су басу қаупі бар екендігін ескере отырып, «109» қызметі су тасқынына қарсы шараларды күшейтті.
Мысалы, қазіргі таңда Наурызбай ауданы арқылы ағатын Ақсай өзені мен Түркісіб ауданы арқылы ағатын Жарбұлақ өзенінде ауыр техникалардың көмегімен өзендердің табаны тереңдетіліп, жағалары нығайтылуда. Сонымен қатар, өзен арналары лай, тастан және тұрмыстық қоқыстардан тазартылып жатыр.
Соңғы екі күн ішінде Ақсай өзенінен 18 текше метр қоқыс, ал Жарбұлақ өзенінен 60 текше метр лай мен тас үйінділері шығарылған. Оларды қала сыртына шығару үшін ауыр жүк көліктері пайдаланылды.
Осындай жұмыстар Наурызбай ауданындағы «Көктем» саяжайлық қоғамы мен Түркісіб ауданындағы «Қайрат» шағын ауданында да жүргізіліп жатыр.
Су тасқынына қарсы шараларға барлығы 16 адам мен 9 техника жұмылдырылған.

null null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар