16:13, 03 Сәуір 2015 | GMT +5
Алматыда Олимпиада-2022 өткізуге қажетті спорт кешендерінің 60 пайызы бар - Б.Сапарбаев
АСТАНА.ҚазАқпарат - Алматыда 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізуге үшін қажет спорт кешендерінің 60 пайызы бар. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

«Біз үміткер ретінде Олимпиада-2022 шарасына дайындықты тоқтатқан жоқпыз. Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімін биыл шілде айында күтеміз. Егер олар Қазақстанды таңдаса, қазірдің өзінде бізде Олимпиада додалары өтетін спорттық кешендердің 60 пайызы бар. Қалғандарын сол уақыттың ішінде салып тастауға болады», - деді ол спорт қауымдастығының форумында. Форумға ҚР Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, спорт ардагерлері, танымал спортшылар, 2015 жылғы Қысқы Универсиаданың жеңімпаздары қатысты.