10:44, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Алматыда өрт салдарынан 7 жасар бала шетінеді
АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Алматыда Әйтеке би атындағы көшеде көппәтерлі тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде 7 жасар баланың денесі табылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тілсіз жау Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметі күшімен сағат 22:34-те сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 13 адам мен 3 техника жұмылдырылды.