Алматыда Орталық Азия мемлекеттерінің ІІІ-ші Халықаралық театр фестивалі өтеді

/strong>Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда еліміздегі Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық жылы аясында Орталық Азия мемлекеттерінің ІІІ-ші Халықаралық театр фестивалі ашылады. Фестиваль Орталық Азия елдері мен Қазақстанның театр өнері саласындағы
None
None

ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында өткізіледі. Бұл туралы бүгін аталмыш шараның ашылу салтанатына орай өткізілген баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мәдениет министрлігі мен «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өтетін шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және өз еліміздің театр өнерінің майталмандары қатысады. Әр ел өз қойылымдарын ұсынатын болады. Фестивальге Қазақстанның атынан Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясының студенттері, Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры, Астана қаласының Жас көрермендер театры, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры, Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, сонымен қатар, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық драма театрлары қатысып, өз өнерлерін көрсететін болады.

«Фестивальдің басты мақсаты - театр өнерін дамыту және театрлардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру, кәсіби, серіктестік қатынасты орнату, бірлескен шығармашылық жобаларға жағдай жасау, театрлық үдерістің жаңа қазіргі заман түрлеріне театр жұртшылығының назарын аудару болып табылады», дейді ұйымдастырушылар.

Фестивальдің ресми түрде ашылуы бүгін кешкі сағат 17.00-де М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында өтеді.

Соңғы жаңалықтар