Алматыда Орталық Азия туралы үздік фильмдер анықталды
CADF Орталық Азия туралы деректі кино конкурсы лауреаттарының тізімі Clique фестивалінің ресми парақшасында жарияланды.
Режиссер Захид Маванидің «Өнімді ай» («Урожайная луна», «Harvest Moon») деректі фильмі үздік картина деп танылды. Бұл оның дебюттік толық метражды картинасы. «Өнімді ай» бас жүлдеден бөлек, тағы бір жүлдеге ие болды - қоюшы оператор Себастиан Хириарттың жұмысы үздік деп аталды.
Денис Шабаев «Бөтен жұмыс» деректі фильмі үшін («Чужая работа», «Not My Job») үздік режиссер деп танылды. Бұл картинада жас тәжік жігіті туралы айтылады.
Сондай-ақ, қазылар алқасы қырғыз режиссері Айзада Алиеваның «Тақуа» («Отшельник», «The Hermit») және канадалық Мод Плант-Хусарук пен Максим Лакост-Лебидің «Ботаник» (The Botanist) қысқа метражды картиналарын атап өтті.
Қазылар алқасының арнайы сыйлығына «Мен ауру емеспін, мен қызтекемін» («Я не болен, я - гей», «I am not sick, I am gay») картинасымен Алексей Гетманн ие болды. Онда өзінің қызтеке екенін ашық айтатын Денистің оқиғасы көрсетілген.