Алматыда орталық референс-зертхана салынады

АҚШ Қорғаныс министрлігі бұл шараны қаржыландыру және басқару ісін Қорғанысқа қауіпті сейілту агенттігі арқылы жүзеге асырмақ (DTRA).
Бұл туралы Америка Құрама Штаттарының елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Орталық Референс-зертхана қазіргі Қазақстанда бар аса қауіпті патогендердің қауіпсіздігін нығайтып, Қазақстанның және Орталық Азия ғалымдарының ғылыми зерттеу мүмкіндігін арттыруға септеспек. Бұл мекеме Қазақстан Республикасының меншігінде және басқаруында болады. Қазақстанның Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрліктері бұл орталықты бірлесіп пайдаланбақ. Іске қосылған соң Орталық референс-зертхананың жұмысын Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі басқарады. Әр министрліктің өзіне тиесілі қабаты болады, бұған қоса мұнда 3-дәрежелі биоқауіпсіздік зертханасы, Жануарлардың 3-дәрежелі биозқауіпсіздік вивариі, сабақ өтетін бөлмелер және қосалқы бөлмелер болады. Қоршаған ортаға қауіп төндірмес үшін Орталық референс-зертхана қауіпсіздіктің ең озық стандарттарына сәйкес тұрғызылады. Бұл мекеме қазір Қазақтың зоонетикалық аурулардың алдын алу ғылыми орталығына тиесілі кеңес заманынан қалған ескі зертханалардың орнын алмастырады және ол заманауи үлгіде, сейсмикалық тұрғыдан берік етіп салынады.
Қазақтың зоонетикалық аурулардың алдын алу ғылыми орталығы институты Алматыда өте қауіпті патогендермен 60 жыл бойы жұмыс істеп келеді. АҚШ-тың Қорғанысқа қауіпті сейілту агенттігі тек оның қоршаған ортаға қауіпсіздігін арттыруға, сөйтіп аса қатерлі патогендерді зиянды әсерлерден қорғап, қауіпсіз жағдайда сақтауына үлес қосады. Бұл құрылғы осы орталықтың маңайында 1949 жылдан бері өмір сүріп келе жатқан тұрғындар үшін бұрынғыдан қауіпсіз бола түседі. Бұл ғимарат осы географиялық аймаққа тән сейсмикалық белсенділікке төтеп беретіндей берік етіп салынбақ. Жаңа ғимарат мұндай зілзалаға лайықталып салынбаған ескі ғимараттардың орнына тұрғызылады, сөйтіп бұл жалпы орталықтың қауіпсіздігін арттырады.
Құрылыс жобасы АҚШ және Қазақстан үкімет өкілдерінің және ақпарат құралдарының қатысуымен өткен алғашқы іргетасын қалау рәсімінде, 2010 жылғы 1 сәуірде басталған. Жобаны 2013 жылдың жазында аяқтау жоспарланған.