Алматыда орташа айлық кесімді жалақы 156 801 теңгені құрады
Еңбекақы төлеудің ең жоғары мөлшері қаржы және сақтандыру қызметінде тіркелді - 353 991 теңге, ал ең аз мөлшер денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында - 92 406 теңге. Ірі және орташа кәсіпорындарда үстіміздегі жылдың сәуір айында орташа айлық атаулы, яғни кесімді жалақы 159 104 теңгені құрады.
2013 жылдың сәуіріне қарай, кесімді жалақының көрсеткіші 112,8 пайызды құраған болса, нақты жалақының көрсеткіші 106,4 пайызды құрады.
Аудандар бойынша, ең жоғары жалақы Медеу ауданында тіркелді - 198 388 теңге. Бұл орташа қалалық көрсеткіштен 26,5 пайызға жоғары. Ал Әуезов ауданында 104 238 теңгені құрады. Бұл орташа қалалық көрсеткіштен керісінше 33,5 пайызға төмен.
Естеріңізге сала кетейік, халықаралық стандарт бойынша бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысын есептегенде қосымша ақы, үстемеақы, сыйлықақы, сонымен қатар салықтар мен басқа да шегерімдер (кіріс салығы, міндетті зейнетақы жарналары) ескеріледі.