Алматыда өткен шахматтан Әлем чемпионатын тамашалауға күн сайын 1500-ден аса адам келген

«Әлем чемпионатын біз Алматыда алғаш рет осындай ауқымда өткіздік. Оған әлемнің 46 елінен мықты спортшылар келді. Көрермендер үшін сайыс тікелей эфирде көрсетілді. Біз билеттердің барлығын саттық. Бірде-бір билет қалмады. Бізге қоңырау шалып, орын сұраған азаматтар көп болды. Күн сайын 1500-ден астам адам жарысты тамашалады. Барлығы, әрине, Магнус Карлсен сияқты үздік спортшылардан қолтаңба алуға тырысты. Чемпионат ашылған алғашқы күні көп көрермен жиналды. Біз әлемнің мықты спортшылары шахмат тақтасына қалдырған қолтаңбаларын жинап, естелік ретінде шараның демеушілеріне сыйға тарттық», - деп мәлім етті Гүлмира Дәулетова.
Сонымен қатар, сайыстың келесі күні Алматы қаласы бойынша балалар чемпионаты ұйымдастырылған.
«Келесі күні әуесқойлар арасында Алматы қаласының чемпионаты өтті. Бұл жарысқа 100 шахматшы қатысты. Жарысты тамашалауға 200-ден астам жанкүйер жиналды», - деп түйіндеді Гүлмира Дәулетова.
Еске сала кетейік, былтыр Алматы қаласында 25-30 желтоқсан аралығында шахматтың рапид және блиц түрінен әлем чемпионаты өткен болатын.
Фото: kazchess.kz