Алматыда патруль көлігі өртеніп кетті (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда патруль көлігі өртеніп кетті. Шұғыл хабарламаны қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова жеткізді.
None
None

Оқиға Түрксіб ауданындағы Сейфуллин, Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. «Shance» маркалі автокөлік өртеніп жатқаны туралы хабарлама кешкі 20:30-да түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды 21:12-де өшірді. Өрт аумағы 3 шаршы метрді құрады.

Соңғы жаңалықтар