Алматыда пианистердің V Халықаралық байқауы өтеді

АЛМАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда 15-23 қараша аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында V Халықаралық пианистер байқауы өтеді.
None
None

Оған АҚШ, Жапония, Франция, Австралия, Корея, Ресей, Украина, Беларусь, Грузия мен Қазақстанның жас пианистері қатысады.

Пианистер байқауына танымал музыканттар мен беделді ұстаздардан құралған әділқазылар қазылық жасайтын болады. Атап айтқанда, қазылар алқасының құрамында Қазақстанның халық әртісі, Франция Республикасы өнер және әдебиет орденінің иегері, профессор - Жәния Әубәкірова (Қазақстан), Джульярд мектебінің профессоры - Даниэль Поллак (АҚШ), Линц қ. А.Брукнер университетінің профессоры - Олег Маршев (Италия), француз-грузиндік пианист - Элисо Болквадзе, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу ұлттық консерваториясының профессоры Павел Нерсесьян (Ресей), П.И.Чайковский атындағы XI Халықаралық конкурстың лауреаты - Денис Шаповалов (Ресей) сынды тұлғалар бар.

Байқау 3 турдан: екі жеке орындаудағы турдан, камералық бөлім және оркестрмен орындауда финалдық бөлімнен тұрады.

Конкурстың камералық бөлімі үшін арнайы Ю.Янкелевич квартеті шақырылған, ал үшінші турда Ваг Папян (Израиль) жетекшілігіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық симфониялық оркестрі сүйемелдейтін болады.

Барлық шаралар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен залында өтеді.

18 қараша күні, сонымен қатар V Халықаралық пианистер байқауы аясында Қазақстанның Халық әртісі Ж .Әубәкірованың жеке концерті болады.

Соңғы жаңалықтар