15:25, 08 Мамыр 2009 | GMT +5
Алматыда Польша-Чехия мәдениетінің күндері басталды
АЛМАТЫ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы / - Бүгін Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен Польша-Чехия мәдениетінің күндері басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мәдени күндердің ашылуы Чех-Польша фильмдерін Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық тұрғыдан көрсетумен басталды.
Чехия Республикасының Қазақстандағы елшісі Берджих Копецкидің айтуынша шараның мақсаты қазақстандықтарды Чехия мен Польшаның жас режиссерлері және актерлерімен, фильмдерімен таныстыру. «Шараның үлкен маңызы бар. Чехия қазіргі кезде Еуроодақтың төрағалығында және біз Польшамен бірге Еуроодақ мүшелігінің 5 жылдығын атап өтудеміз. Бүгінгі шара арқылы Қазақстанмен ежелгі достықты одан әрі дамытуды көздейміз, деп атап өтті елші.Оның айтуынша, Чехия мен Польшаның кино мектебі әлемде танымал мектептердің бірі. Бүгінгі басталған шара барысында ертегі, комедия, драма жанрындағы бірнеше фильм көрсетілді. Оның ішінде белгілі режиссер Зденека Трошктың «Ең әдемі жұмбақ» картинасы, Ян Сверактың «Әйнек жәшік» атты туындысы бар. З.Трошк пен Ян Сверак әлемдік кинодағы ең беделді режиссерлер саналады.