Алматыда полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтауға такси жүргізушілерін тартуда

деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалалық ішкі істер департаменті бөлімшелері мен таксопарктер арасындағы автокөлікке қатысты қылмыс пен тәртіп бұзушылық фактілеріне қатысты ақпараттар алмасудағы бірлескен әрекеттер туралы бұл мәжіліс ІІД бастамасымен ұйымдастырылған болатын. Оған қылмыстық, жол полициясы басқармалары қызметкерлері, техникалық қызмет пен ірі 6 таксопарк кәсіпорындарының жетекшілері, техника жөніндегі қауіпсіздік инженерлері және диспетчерлер қатысты. Онда полиция генарал-майоры Ерлан Тұрғымбаев таксопарктер мен жол және қылмыстық полиция қызметкерлері өкілдері арасында арнайы жұмыс тобын құру туралы ұсыныс жасады. Таксопарктер мен ІІД жедел басқару орталығының диспетчерліқ қызметкерлері арасында бірыңғай радиоалмасуды құру кезінде такси жүргізушілеріне қарақшылық шабуылдар, көлік ұрлау мен жол-көлік оқиғалары фактілерін дер уақытында хабарлауға мүмкіндік тумақ. Қазір ІІД-де Бірыңғай радиоалмасуды құруға қажетті барлық техникалық мүмкіндіктер бар. Жалпы қылмыстарды ізін суытпай ашу жедел ақпарат алуға байланысты. Онда таксопарк басшыларының атынан сөйлеген "Алматы-такси" мен "Мега такси" ЖШС-терінің директорлары В. Селезнев пен А. Нұрсиланов ұсынысты толық мақұлдайтындарын және өзара әрекеттестікке дайын екендіктерін жеткізді.