Алматыда полиция қызметкерлері арасында табельдік қарудан оқ ату бойынша жарыс өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда полиция қызметкерлері арасында табельдік қарудан оқ ату бойынша бәсеке өтті. Бұл Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына арналды, - деп хабарлады Алматы қ. ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Спорттық жарысқа Алматы қалалық полиция гарнизонынын қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

«Атыс қаруынан оқ ату бойынша жарыста 19 команда бақ сынасты. Қатысушылар алдына белгілі бір уақытта ПМ-1 тапаншасымен үш сынамалық және 10 есептік оқу ату міндеті қойылды. Сонымен қатар, табельдік қарумен белгілі бір уақыт ішінде шапшаң оқ ату жаттығуы да жасалды. Жарыс қорытындысы бойынша Шұғыл ден қою арнайы жасағының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орын айдауылдық қызмет батальонының өкілдеріне бұйырды. Ал жол-патрульдік полиция полкінің командасы үшінші орынға ие болды», - деді Алматы қ. ІІД Кадрлық жұмыс басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ораз Жандосов.

Соңғы жаңалықтар