17:15, 17 Наурыз 2016 | GMT +5
Алматыда полиция музыкалық колледж маңынан күдікті зат іздеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда тәртіп сақшылары П. Чайковский атындағы музыкалық колледж маңынан күдікті зат іздеді.

Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, «102» пультіне Әуезов көшесі бойында орналасқан №64-ші тұрғын үйдің ауласында күдікті заттың жатқандығы туралы хабар келіп түскен.
Көп ұзамай, оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, іздестіру шарасына кірісті. Сол маңдағы П. Чайковский атындағы музыкалық колледждің оқушылары қауіпсіз аймаққа шығарылды.
Тексеру қорытындысы бойынша, күдікті зат туралы ақпарат расталмады.