Алматыда PR ?шы студенттердің 4-ші халықаралық конференциясы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Бүгін Алматыдағы Халықаралық бизнес университетінде PR-шы студенттердің «Жұпаргүлді ұмтылыс» атты 4-ші халықаралық конференциясы өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Сенсация қалай жасалады: түрлі көзқарас» тақырыбындағы конференция жұмысына 150-ден астам қазақстандық студент пен белгілі PR мамандары қатысуда. Шара барысында сенсация жасау тақырыбы бойынша 5 үздік студенттік жұмыс ұсынылып, Лариса Пак, Найль Ахмеджанов, Ержан Сүлейменов сынды мамандардың қатысуымен талқылануда.Шара соңында студенттердің 7-ші PR жобалар сайысының қорытындысы да жария етілмек. «2002 жылдан бері бұл сайыс қоғаммен байланыс мамандарының сапасын арттыру, елімізде қоғаммен байланыс саласын дамыту мақсатында өткізіліп келеді. Биыл осыдан 3 жыл бұрын мамандықтар тізімінен алынып тасталған қоғаммен байланыс мамандығы қайта қалпына келтірілді. Осындай жобалар жарысы енді қайта даярлана бастайтын жас PR мамандары үшін өте қажет», дейді PR-шы клубының президенті Лариса Пак. Биылғы конкурсқа Қазақстан мен Ұлыбританияның оқу орындарынан 21 студент қатысқан.Аталған шараны PR-шы клубы ҚР Білім және ғылым министрлігі, Қазақстанның Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы елшілігінің.V Clab жастар клубының қолдауымен ұйымдастырған.
Соңғы жаңалықтар