Алматыда психикалық ауруханадан қашқан ер адам ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда психикалық ауруханадан қашып кеткен шизофрениямен ауыратын науқас ұсталды.

 Алматыда психикалық ауруханадан қашқан ер адам ұсталды

«Алматы қалалық ІІД 12 тамыз күні түнгі 02:30-да қалалық психикалық денсаулық орталығынан қашқан 1982 жылғы Қожамбетов Қанат Жанатұлын ұстады. Ол  шизофренияның созылмалы түрінен зардап шегеді», - деп хабарлады ІІД.

Науқас Алматы қаласы, Медеу ауданынан табылған.