Алматыда радионың студиясын тонап кетті

  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматыда «РадиоММ» Медиаметрикс KZ қоғамдық радиосының студиясын тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қылмыскер студияға таңғы 5-те терезе арқылы кірген. Күзет дабылын күзетшілер естімеген сыңайлы.

Ер адам өзін түсіріп жатқан камераларды байқамаған. Түнгі камераларда оның жүзі анық түсіп қалған.

Ұры жалпы құны 2 млн теңгенің мүлкін, студия жабдықтарын, камера пульттерін алып кеткен.

Тек микрафондарды далаға лақтырып кеткен.

Радионың басшысы, Қазақстан интернет қауымдастығының президенті Шафкат Сабыров ұрылардың қасақана тонағанын болжап отыр.

«Бұл әдейі істелген қастандық. Оған біреулер жол көрсетті. Мен сондай қауіптен үнемі есіктерді жауып жүретінмін. Ғимарат әкімшілеріне терезеге тор салуды талап етіп жүрмін», - деді Ш. Сабыров.

Қазіргі таңда радио эфирі үзіліп қалды. Бағдарламалар алдын ала жазылып қойылған.

«Медиаметрикс KZ радиосы Қазақстандағы ең алғашқы қоғамдық радио. Мұнда сарапшылар радио жүргізушісі ретінде қатысады. Бағдарламалар алдын ала жазылып қойылған. Шамамыз келгенше 1 аптаның ішінде эфирді қалпына келтіруге тырысамыз. Жан-жақтан адамдар хабарласып жатыр. Қаржы жинауымыз да ғажап емес», - деді Ш.Сабыров.

«РадиоММ» - Қазақстандағы тұңғыш қоғамдық радио. Ақпарат құралы азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған.

Хабар интернет арқылы таратылады.

Сайтта дыбыс жолы (подкасты), онлайн трансляция, Youtube арқылы видео трансляция жүргізіледі. Мобильді қосымша мен мұрағат бар.

Қоғамдық радио белгілі қазақстандық сарапшылармен, саясаткерлермен мемлекет қызметкерлерімен сұхбат жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар