Алматыда Ревматологтардың І Еуразиялық конгресі өтеді

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - 15-16 мамыр күндері Алматыда «Ревматикалық ауруларды анықтау мен емдеудің инновациялық әдістері» тақырыбымен Ревматологтардың І Еуразиялық конгресі өтеді.
None
None

Ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Жиын барысында елімізде ревматикалық қызметті дамыту болашағы, ревматикалық ауруларды анықтау мен емдеудің инновациялық әдістері, ревматикалық аурулардың әлеуметтік маңызы, остеоартроз бен остеопорозды емдеудің қазіргі заманғы амалдары сынды мәселелер жан-жақты талқыланатын болады.

Конгрес жұмысына әлемнің 15 елінен білікті мамандар шақырылған. Олардың қатарында есімі әлемге әйгілі қазіргі заманғы ревматология саласының білікті мамандары, ресейлік Е.Насонов, финляндиялық Т.Сокка, бельгиялық С.Колен, германиялық Д.Роггенбук бар.

Соңғы жаңалықтар