19:18, 03 Шілде 2021 | GMT +5
Алматыда Розыбакиев көшесі екі айға жабылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу жүйесі» кәсіпорнының мәліметінше, 2021 жылдың 5 шілдесі мен 1 қыркүйегі аралығында Розыбакиев көшесінің бойы Дүйсенов көшесінен Райымбек даңғылына дейін жабылады.
«Уақытша шектеулер осы көшедегі жолдың астында орналасқан магистральдық құбырды жоспарлы ауыстыруға байланысты қабылданып отыр. Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін үйлерге ыстық су уақытша схема бойынша берілетін болады», - делінген хабарламада.
Компания қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.
Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.