Алматыда «Руханият» партиясының кезектен тыс VІІІ құрылтайы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 26 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 2012 жылғы Парламент Мәжілісі мен Мәслихат сайлауына «Руханият» партиясы мен тіркелмеген «Халық рухы» партиясы үміткерлерді бірлесіп ұсынбақ.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Руханиат» партиясының кезектен тыс VIII құрылтайында мәлім болды. Онда 2012 жылғы 15 қаңтар күні өткізілгелі отырған Сайлауға қатысу мәселесі мен Парламент Мәжілісіне және мәслихаттар депутаттығына кандидат ұсыну қарастырылып жатыр.

«Қоғамымыздың бүгінгі жай-күйін саралай келе, әрі бізге сенім білдірген, бүгінгі күні 100 мыңға жуықтаған «Халық рухы» партиясы мүшелерінің бізді саяси күрес науқанына шақырған талап-тілектеріне орай және партияның Орталық Кеңесі Төралқасының шешімімен «Руханият» партиясына қосылғанды жөн көрдік. Рас, бізге республикамыздағы өзге де саяси партиялардан Парламент сайлауы науқанына байланысты бірлесе күресу туралы ұсыныстар түсті. Алайда, біз ақылдаса келе «Руханият» партиясына тоқталдық», - дейді «Халық рухы» партиясының жетекшісі Мұхтар Шаханов. Оның айтуынша, «Руханият» партиясының тізгіні Серікжан Мәмбеталин мырзаның қолына өткелі бері бұл партия жаңа бағыт ұстана бастады. «Руханият» партиясымен мемлекеттік тіл, ұлттық құндылықтар, ұлттық меншік, оралмандар мәселесі, Кеден одағы және қазақ ауылдарының тыныс-тіршілігіне байланысты мәселелерде «Халық рухының» мақсат-мүдделері бір арнаға тоғысты. Сондықтан бұл бірлесуді табиғи заңдылық деп қабылдаған жөн.

Соңғы жаңалықтар