Алматыда «Сағындырған әндер-ай» деп аталатын ретро әндер фестивалі өтеді

АЛМАТЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ақпанның 18-інде «Сағындырған әндер-ай» деп аталатын ретро әндер телефестивалі өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жобаның авторы және ұйымдастырушысы - «Майра» продюсерлік орталығы. Оған Алматы қаласы әкімдігі мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясы қолдау көрсетіп отыр. «Мақсат ? ең алдымен аға буын мен жас толқынның арасын жалғастыру. Одан кейін ескі әндерді әуенін бұзбай жас ұрпаққа үйрету, қазақ және қазақстандық деп өзара екі топқа бөлініп алған әншілерді бір-біріне жақындату. Былтыр, қыркүйектің 18-інде Алматыда аталмыш жобаның таныстырылымы болған еді. Кейін «Сағындырған әндер-ай» деген атпен Алматы облысында - 10, Қызылорда облысында - 2 және Аягөз қаласында 2 рет концерт өткіздім. Биыл да бұл шараны дәстүрге айналдырып, өзге облыстарды аралап қайтуды жоспарлап отырмыз», - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова. «Майра» продюсерлік орталығының жетекшісі, әнші М. Ілиясованың айтуынша, биыл екінші рет өткізілгелі отырған бұл телефестивальға Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Қайрат Байбосынов, Сара Тыныштығұлова, Ескендір Хасанғалиев сияқты елге кеңінен танымал әншілер қатыспақ.
Соңғы жаңалықтар