Алматыда салауатты өмір салты мамандарының съезі өтеді

АЛМАТЫ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда 14-15 қараша күндері салауатты өмір салты мамандарының IV съезі болады. Оны Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы ұйымдастырып отыр. Съезге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮСАИД, ЮНИСЕФ, PSI сияқты өзге халықаралық ұйымдардың сарапшылары, ғалымдар және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметтерінің мамандары қатыспақ.
None
None

Съезд бағдарламасына «Алғашқы медициналық санитарлық көмек деңгейіндегі заманауи профилактикалық технологиялар және инфекциялық емес ауруларды ерте анықтау» деген тақырыптағы дөңгелек үстел жиыны мен «Темекі эпидемиясының таралуын есекертудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция және арнайы семинар-тренинг бар.

Соңғы жаңалықтар