Алматыда салық органдары демалыссыз және түскі үзіліссіз жұмыс жасайтын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда салық органдары жыл соңына дейін демалыссыз және түскі үзіліссіз жұмыс жасайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгіннен бастап жыл соңына дейін қызмет көрсету орталықтарында, терминалдарда, аудандық басқарма ғимараттарындағы кассаларда төмендегідей жұмыс кестесі бекітіледі.

Бұл мекемелер жұмыс күндері түскі үзіліссіз кешкі 20:00-ге дейін, сенбі, яғни 23 желтоқсан күні таңғы 8-ден 18:30-дейін жұмыс жасайтын болады.

Сонымен қатар, Департамент өкілдері патент негізінде арнайы салық төлеушілерге 2018 жылға патент мерзімін созу керектігі туралы ескертті.

Атап айтқанда, бұл қызметке «Салық төлеушінің кабинеті» веб қосымшасында 911.00 электронды форманы толтыру арқылы қол жекізуге болады.

Жеке тұлғалар желтоқсанның 31-дейін тұрғылықты мекенжайы бойынша көлік салығын төлей алады.

Соңғы жаңалықтар