16:45, 07 Наурыз 2009 | GMT +5
Алматыда санақшылардың бақылау үшін аралап шығу жұмыстары басталды
АЛМАТЫ. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Алматыда Ұлттық санақ өткен тоғыз күнде қала тұрғындарының ағымдағы санының 97,75 пайызы есепке алынды немесе олардың саны 1 297 714 адамды құрап отыр.
Олардың қатарында 108 жасқа толған кейуана да бар. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық статистика департаментінің бастығы Данар Райсов айтты. Тоғыз күнге созылған мемлекеттік маңызы зор акция кеше, наурыздың 6-сында аяқталды. Енді наурыздың 7-сінен 16-сына дейінгі аралықта санақшылардың бақылау мақсатындағы аралап шығу жұмыстары жүргізіледі. Бұл шара санақ қағаздарының сапалы және толық толтырылуы және қала тұрғындарының санаққа кірмей қалған бөлігін қайта жазып шығу үшін керек. Алматы бойынша санақтың толық қорытындысы наурыздың 18-інен кейін белгілі болмақ.