Алматыда саяси партиялардың съездері өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 26 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Қазақстан коммунистік халық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның съездері өтуде.
None
None

Қазақстан коммунистік халық партиясының (ҚКХП) кезектен тыс VI съезі "Алтын қарғалы" шипажайында, ал Жалпы ұлттық социал-демократиялық партияның ("Азат" ЖҰСДП) ІХ сьезі "Қазақконцерт" залында болып жатыр.

Саяси партиялар бұл алқалы жиындарының күн тәртібінде 2012 жылғы 15 қаңтар күні өткізілгелі отырған сайлауға қатысу және Парламент Мәжілісіне және мәслихаттар депутаттығына кандидат ұсыну мәселелері қарастырылуда. Бұған дейін мұндай шараны «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы кеше Астанада өткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар