Алматыда саяжайлар мен алма бағы өртеніп кете жаздады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Бостандық ауданының таулы аумағында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15:15-те Ерменсай шағын ауданынан жоғары, таудың батыс сілемінде құрғақ ши өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

«Күн желді болғандықтан тілсіз жау тау етегіндегі саяжайлар мен аумағы 20 гектар алма бағын шарпу мүмкін еді. Қауіпке байланысты сол жерге өрт сөндіру қызметі жіберілді», - деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Өрт 16:32 шамасында ауыздықталды. Жалын 0,8 га аумақты шарпыған. Абырой болғанда алма бағы мен үйлерге өрт жеткен жоқ.

Еске сала кетсек, кеше Медеу ауданындағы Болай тауы (Мохнатка) өртенгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар