Алматыда сайлау күні 60 бала дүниеге келген

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сайлау күні, яғни 20 қарашада 60 бала дүниеге келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 қараша түнгі 00.00-ден 20 қараша 00.00-ге дейінгі бір тәулікте Алматы перзентханаларында 60 бала дүниеге келген. Оның 26-ы ұл бала, 34-і қыз бала», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Жалпы елімізде сайлау күні 634 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 6 егіз бар. Барлығы 328 ұл және 306 қыз бала дүние есігін ашты.

Кеше, 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтті.

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады.


Соңғы жаңалықтар
telegram