Алматыда сайлау учаскелерінде 8 адамнан КВИ табылды – Бекшин

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда сайлау учаскелерінің қызметкерлерінің арасынан 8 адамнан вирус анықталды. Бұл туралы Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«2020 жылы 29 желтоқсанда сайлау комиссиясының қызметкерлері, бақылаушылар, сенімді тұлғалар КВИ тестілеуінен өтетіні жарияланған болатын. Бұл жұмыс 3 қаңтардың түнгі 24:00-ге дейін аяқталуы тиіс болатын. Осыдан кейін тіркеу басталды. 3 қаңтарға дейін 10 мың адам тіркелген. Оның ішінде 5000 бақылаушы, сенімді тұлғалар, басқалар да бар. Бұл жұмыстар 5 қаңтардан бастап атқарыла бастады. 2 тәулікте 5840 адам тексерілді. Қалған 4000 астам адам екі күнде тексеріледі. Осылардың арасынан 8 адамнан вирус анықталды. Олар жұмыстан шеттетілді. Олардың нақты бақылаушылар, сенімді тұлғалар, сайлау комиссиясы жұмыскерлері екенін айта алмаймыз. Бұл мәлімет аздан кейін белгілі болады», - деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, Алматыда қаңтардың басында 600-ден астам адам вирус жұқтырған.


Соңғы жаңалықтар