Алматыда сайлау үдерісіндегі даулар мен шағымдарды шешу туралы халықаралық конференция өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. 26 маусым. ҚазАқпарат - Еуропа кеңесінің венециандық комиссиясын кейбіреулер Еуропалық кеңес тәжінің жақұты дейді.

Аталмыш комиссия мүшесі Николае Ешану бүгін Алматыда өтіп жатқан «Сайлау үдерісі аясында даулар мен шағымдарды шешу. Халықаралық стандарттардың және жекелеген елдер тәжірибелерінің салыстырмалы талдауы» деп аталатын халықаралық конференцияда осылай айтты.

«Еуропа кеңесінің венециандық комиссиясына Еуропалық кеңес ғана емес Латын Америкасы, АҚШ,   Корея сияқты әлемнің өзге мемлекеттері де мүше. Ол түрлі  елдердің тәжірибелерін жинақтап, түрлі салаларда стандарттар жасайды. Оның ішінде сайлау үдерісі де бар. Еуропа кеңесінің венациандық комиссиясы өзінің айтқанын орындауға  ешкімді де мәжбүрлемейді. Мен бүгін Еуропа кеңесінің сайлау үдерісіндегі даулар мен шағымдарды шешу туралы стандарттарымен таныстырам», - дейді Н.Ешану.

Үш күндік аталмыш конференция ҚР Орталық сайлау комиссияы мен Еуропа кеңесінің венациандық комиссиясы «Қазақстандағы сайлау үдерісін қолдау» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл жобаның қаржыландырушысы - Еуропалық одақ.

Соңғы жаңалықтар
telegram