Алматыда сел болған аудандарда үйлерді тонау әрекеті тіркелген жоқ - ІІД
«Азаматтарға айтарымыз, қандай да бір олқылық әрекеттерге барудың қажеті жоқ. Түскен мәліметтерді саралап, талдай біліңіздер. Шындыққа жанаспайтын мәліметтердің таралуына жол бермеңіздер. Өйткені бұл әрекеттер қылмыс болып табылады», - деді С.Әзірбек.
Сондай-ақ ол баспаналарын тастап, уақытша эвакуациялық пунктке көшкен тұрғындарды өз үйлері жайлы алаңдамауларын өтінді.
«Әрине, біз әрбір үйдің алдына полиция қызметкерін қоя алмаймыз. Бірақ сел тасқыны болған аймақта 500-дей полиция қызметкері қазір қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша өз міндеттерін атқарып жатыр. Оқиға аймағын айналдыра бақылау бекеттері орнатылды. Жағдай толығымен қалпына келмейінше, полиция қызметкерлері оқиға орнын тастап кетпейді. Әзірге үй тонаушылық әрекеттер тіркелген жоқ. Эвакуация кезінде зардап шеккен үйлердің тұрғындары полиция және басқа мемлекеттік органдар қызметкерлерінің талаптарын бұлжытпай орындап, ұйымдасқан түрде үйлерін тастап шығып, эвакуациялық пункттерге көшті. Сел тасқынынан зардап шеккендер жоқ», - деді С.Әзірбек.