АЛМАТЫДА СЕЛ: Қарғалы өзенінің деңгейі көтерілді (ВИДЕО, ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының жоғары жағын сел басты. Наурызбай ауданының бірнеше елді мекені су астында қалды.

АЛМАТЫДА СЕЛ: Қарғалы өзенінің деңгейі көтерілді (ВИДЕО, ФОТО)

Қалалық ТЖД оператор диспетчері А. Əлімпейісовтың айтуынша, түнгі сағат үштерде толассыз жауған жаңбырдан Қарғалы жəне Қарағайлы өзендерінің деңгейі бір метрге көтерілген. Дəл қазір апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындарына алаңдауға негіз жоқ.

Қазір лай су Иассауи көшесіне дейін жетті. Үйлері суда қалған адамдар Қалқаман ауруханасына көшіріліп жатыр.

Қалалық ТЖД өкілдері ресми түсініктемені кейінірек береміз деді.