Алматыда сел салдарынан 6 адам ауруханаға жатқызылып, 78-іне медициналық көмек көрсетілді (ФОТО)
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің құтқару құрылымдары Қарғалы өзенінің сағасына суды бағыттау бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын жасап жатыр.
Ыдыс қаптар мен инертті материалдарды әкелу ұйымдастырылды, тартылған ұйымдармен бірге жағалауды күшейту жұмыстары жасалып жатыр.
Атқарылған шаруа арқасында елді мекендерге судың келуі тоқтап, су өзен сағасымен ағып жатыр.
Қалпына келтіру-тазарту жұмыстары мен қаланың су астында қалған шағын аудандары мен көшелерге келтірілген залалды бағалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Алғабас шағын ауданында 127 жеке үй, сонымен қатар Наурызбай ауданында екі жалпы білім беру мектебін су басты.
Жапа шеккен тұрғындардың аулуларын тазарту бойынша көмек көрсетіліп жатыр.
№176 орта мектеп, Наурызбай аудандық әкімдігі мен №185 орта мектеп ғимаратында жапа шеккен тұрғындарды қабылдау орындары ашылды. Онда ыстық тағаммен қамтамасыз етеді. Барлығы 1036 адам қауіпсіз жерге шығарылды, соның ішінде 51 бала бар.
6 адам медициналық мекемелерге жатқызылды, 78 жапа шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетілді.
Төтенше жағдай орнында психологтар жұмыс жасауда.
Сел салдарын жою ісіне ҚР ІІМ құрылымдарының, жергілікті атқарушы органдардың және бұл шаруаға жұмылдырылған ұйымдардың күштері мен техникасы тартылды. Барлығы 1405 адам, 251 бірлік техника, 3 тікұшақ.