Алматыда сел тасқынынан зардап шеккендерге қазақстандықтар бір күндік жалақыларын аударуда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сел тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша арнайы штаб құрылды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мәлімдеді.
None
None

Алматы қалалық кәсіпкерлер Палатасы директорының міндетін атқарушы Юрий Тілеумұратовтың айтуынша, бизнесмендер қауымы бүгін бір сағат ішінде бір миллион теңге жинаған. Одан басқа, палата қызметкерлері бір күндік жалақыларын арнайы шотқа аударды. Бұл 400 мыңнан астам теңгені құрады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрған штаб Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығында орналасатын болады. Мекенжайы: Достық даңғылы, 160. Мұнда сел тасқынынан зардап шеккендерге қажетті азық-түліктер, киімдер және басқа да бұйымдар жинақталады. Орталықтың жұмысы кешкі 21.00 сағатқа дейін ұзартылды.

«Зардап шеккендерге қаржы жинау мақсатында «RBK BANK» АҚ есепшот ашылды: RBK BANK ИИК KZ 088210 3398121 62864. Оған еліміздің әрбір кәсіпкері ақша аудара алады. Бүгін, мысалы, су тартып шығару техникасы, тракторлар, күректер, қолғаптар, қаптар керек болып жатыр. Сонымен қатар еріктілер де қажет», - деді өз сөзінде палата директорының құқықтық сұрақтар бойынша орынбасары Қайрат Құдайберген.

Соңғы жаңалықтар