Алматыда сел тасқынының салдарын жоюға кем дегенде 1 мың ерікті қажет - С.Нұртазаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Қарағайлы өзенінде орын алған сел тасқынының салдарын жоюға кем дегенде бір мың ерікті қажет. Бұл туралы бүгін Алматыда «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы активінің отырысында қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәкен Нұртазаев мәлім етті.

«Қазір сел тасқынының салдарын жоюға кем дегенде 1000 ерікті қажет болып отыр. Оның үстіне, зардап шеккен аймаққа әсіресе, су тартып шығаратын ассенизаторлар, тракторлар және басқа да техникалар жетіспеуде. Қазір қаржыдан бұрын бірінші кезекте аулаларды, жолдарды лайдан, тастан тазартауға қажетті құрал-саймандар жеткізген жөн. Қазір күн ыстық. Сондықтан алдағы үш күннің ішінде осындай жұыстарды атқармаса болмайды», - деді С.Нұртазаев.

Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Станислав Канкуров филиал жанында волонтерлік топ құрылып жатқанын мәлім етті.

«Қазір сел салдарын жою жұмыстарына әрине, волонтерлер өте қажет. Қазір бізде волонтерлік топ құрылып жатыр. Бүгін-ертең толық жасақталады. Яғни, партия белсенділерінен және «Жас Отан» Жастар қанаты тарапынан құрылған еріктілер тобы Наурызбай ауданында бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға - ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге және басқа да отбасыларына көмек көрсететін болады. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақысын зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ашылған арнайы шотқа аударды», - деді С.Канкуров.

Зардап шеккен аймаққа көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылған бүгінге жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айтгүл Самақова мен Ольга Шишигина, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі бюросының мүшелері, қалалық Мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар
telegram