16:00, 24 Шілде 2015 | GMT +5
Алматыда сел жүруге байланысты ашылған «жедел желі» телефондарына 1800 қоңырау түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТЖ комитеті Алматы қ. сел жүруге байланысты халыққа шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек көрсету үшін ҚО ІІМ ТЖК Дағдарысты басқару орталығында және Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаментінде (8 727-274-22-19) «жедел желі» телефондарын (Астана қ. - 53-32-79, 32-32-89) ашты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Жедел желі» телефондарында жұмыс істеу үшін психологтар мен Алматы қ. ТЖ департаментінің медицина қызметкерлері, өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі, Орталық өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы, Апат медицина орталығы жұмылдырылды. Тәулік бойы «жедел желі» бойынша халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстары және психологиялық көмек көрсетілуде.
Қазір желіге 1800 қоңырау түсті, оның ішінде: 23 шілде - 1492 қоңырау; 24 шілде - 308 қоңырау.
Көпшілігі сел жағдайының одан әрі дамуы туралы, ТЖ жою, зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету жайында сұрақтар қойды.