Алматыда селден зардап шеккендерге Ұлттық ұлан жауынгерлері көмек көрсетуде (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қобасшылығы әскери бөлімдерінің жеке құрамы Алматыдағы Наурызбай ауданы Қарғалы, Каменка елді мекендеріндегі төтенше жағдайдың салдарын жоюға қатысуда, деп хабарлайды өңірлік қобасшылқтың қоғаммен байланыс қызметінен.
None
None

«23 шілде күні табиғи апаттың алғашқы сағаттарында Ұлттық ұланның 5571, 28237 әскери бөлімдеріне зардап шеккен тұрғындарды жергілікті әкімдік белгілеген қауіпсіз орындарға орналастыру міндеті артылды. Жауынгерлер күшімен сол күні барлығы 700-ден астам тұрғын, 10-нан астам техника қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Бүгінгі күнге дейін әскери қызметшілер Алматы қаласы бойынша ТЖД апаттан құтқару қызметі мамандарымен бірлесіп жолдарды, тұрғын үйлер мен ұйым, мекемелерді лайдан, сел ағызып әкелген өзге де заттардан тазалау жұмыстарын жүргізуде. Әскерилер күшімен елді мекендегі зардап шекен №187, 192 орта мектептердің аумағы қалпына келтірілуде», делінген хабарламада.

Сонымен қатар Наурызбай ауданы аумағында құқықбұзушылықтар мен ұрлық, жеке меншік мүлікті тонау деректеріне жол бермеу үшін Ұлттық ұлан сарбаздары құқық қорғау органдарымен бірлесіп күнделікті қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету қызметін ұйымдастыруда. Қызмет атқару барысында ұрлық, тонау фактілері, өзге де тәртіп бұзушылықтар орын алған жоқ.

Соңғы жаңалықтар