Алматыда шағын және орта бизнестен 364,80 мың адам нәпақасын айырып отыр

АЛМАТЫ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы қаласында шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтамасыз етілгендер былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға артты.
None
None

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Сардар Қабдолов бүгін Алматы қаласының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысына арналған мәжілісте осылай айтты.

«Қала экономикасын несиелеу 24,3 пайызға ұлғайды. Оның ішінде кәсіпкерлікте 17,1 пайызға артты. Депозит көлемі де 13,4 пайызға өсіп, 2 триллион 265 млрд теңгені құрады. Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 457,60 млрд тенгеге жетті. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға жоғары», - дейді С. Қабдолов. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының айтуынша, инвестицияның басым бөлігі кәсіпорындардың өз қаражаты (52,1 пайыз). Ал мемлекеттік бюджеттің үлесі 25,7 пайызды құрайды.

Сардар Серікұлының сөзіне қарағанда, индустрияландыру картасы бойынша 2012 жылы 2,4 млрд теңгенің 5 нысаны пайдалануға беріліп, 1440-тан астам жұмыс орны құрылды. 2013 жылы 18,4 млрд. теңгенің 4 жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Ал қалған 9 жоба 2014-2016 жылдары іске қосылмақ.

Соңғы жаңалықтар