14:28, 11 Ақпан 2011 | GMT +5
Алматыда «Шетелде білім алу» атты VIII халықаралық көрмесі өтпек
АЛМАТЫ. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Әйгерім Әмір/ - Алматыда 15 ақпан күні «Шетелде білім алу» атты VIII халықаралықкөрмесі өтеді. Ұйымдастырушы - «Globus Education» кеңес, білім беру агенттігі.
Көрмеге 16 елден келген 75 жоғары және арнайы орта оқу орнының өкілдері қатысады. Олар: Австралия, Ұлыбритания, Испания, Канада, Малайзия, Жаңа Зеландия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, АҚШ, Түркия және басқа да мемлекеттер.
Кейін бұл көрме Астана, Атырау және Ақтау қалаларында жалғасатын болады.