Алматыда шетелдік студент ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы полициясы өз отандастарын пышақпен жаралаған шетелдік студентті ұстады. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматыда 4 курста оқитын шетелдік студент ұсталды. Ол жалға алынған пәтерде өз отандастарын пышақпен жаралап, мүліктерін заңсыз иемденген», - деді Алмас Садубаев.
Шабуыл салдарынан екі адам ауруханаға түсті.
Одан бөлек, Алматы қаласының Ішкі істер департаменті жеке үйге қарақшылық жасаған жергілікті тұрғынды ұстады. Бұзақы 700 мың теңге, 3 мың АҚШ долларын және алтын бұйымдарды жымқырған.