Алматыда «Швейцария ғылымы» көрмесі өтеді

МАТЫ. 26 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 28-қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Швейцария ғылымы» деп аталатын көрме болады.
None
None

Оның ашылу рәсіміне университет ректоры Ғалым Мұтанов пен Қазақстандағы Швейцарияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефан Неллен қатыспақ.

Бұл шарада Швейцарияның көрнекті 25 ғалымының түрлі саладағы ғылыми жетістіктері таныстырылады. Сонымен қатар ғалымдардың астрофизика, геология, медицина, роботтық техника, өнер тарихы, антропология және философия салаларындағы зерттеу жұмыстарының нәтижиелері мен жетістіктерінен мәлімет беретін атақты Швейцария фотосуретшісі Эндри Полдың бірегей ерекше еңбектерін ұсынылады. Көрме аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері, магистранттары мен докторанттарына Цюрих университетінің Әлеуметтік және мәдени антропология департаментінің директоры, профессор Питер Финке дәріс оқиды деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар