Алматыда «Шындық детекторы» қойылымының премьерасы болады

АЛМАТЫ. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыда  25- 26 сәуір күндері  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Шындық детекторы» қойылымының премьерасы өтеді.
None
None

Трагикомедия жанрындағы спектакльдің  қоюшы режиссері  - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі  Мұрат Ахманов. Қоюшы суретшісі - Мәдениет қайраткері Бақыт Срайылов.          

Сондай-ақ театр алдағы уақытта Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» пьесасын сахнаға қайта дайындап, жұртшылық назарына ұсынуға дайындық үстінде. Оны көрермендер көңілі төрелігіне мамыр айының аяғына қарай ұсынбақ. Бұдан өзге театр «Қыз Жібек» қойылымы мен «Висайские истории» мюзиклін дүниеге әкелуді жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар