14:43, 23 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Алматыда ШЫҰ-ның Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылымы кеңесінің 17-ші отырысы өтті
Ы. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда өткен Шанхан ынтымақтастық ұйымының Лаңкестікке қарсы аймақтық құрлымы кеңесінің 17-ші отырысында Қазақстан төрағалық қызметті Қытай Халық Республикасындағы әріптестеріне табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Бұл отырыста Қазақстанда өтетін ЕҚЫҰ-на мүше мемлекет пен үкімет басшыларының Саммитін өткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Биыл Қытайда өтетін 16-шы Азия ойындары мен 2011 жылы Қазақстанда болатын 7-ші қысқы Азия ойындарын өткізуге дайындықтың жайы талқыланды. Сондай-ақ ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің құзырлы органдарының Ресейде өткізген "Саратов-Антитеррор-2010" лаңкестікке қарсы бірлесіп оқуының қорытындысына жоғары баға берілді", дейді ҚР ҰҚК төрағасының 1-ші орынбасары Жанат Жарасов. Жанат Абдуллаұлының айтуынша, ШЫҰ-ның лаңкестікке қарсы мұндай бірлескен жиыны енді алдағы жылы Қытайда өткізілмекші.