Алматыда Солтүстік Қазақстан облысының Мәдениет күндері өтуде

ПЕТРОПАВЛ. 6 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Солтүстік Қазақстан облысының Мәдениет күндері өтуде, деп хабарлайды СҚО әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Шара бағдарламасының аясында оңтүстік астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі мен Солтүстік Қазақстан қолөнері шеберлерінің көрмесі өткізіледі.

 Жәрмеңкеге аймақтың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.

 Бұл күні кешке Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Солтүстік Қазақстан облысының жетекші шығармашылық ұжымдарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

Соңғы жаңалықтар